Skip to content

Google chrome extension for translate to ours new alphabet

Notifications You must be signed in to change notification settings

hhaakkimm/Qaudar

Folders and files

NameName
Last commit message
Last commit date

Latest commit

 

History

4 Commits
 
 
 
 
 
 

Repository files navigation

Qaudar

Google Chrome extension құрастыру

Сәлем Достар!

Бүгін мен сіздерге Google Chrome бағдарламасына қосымша(Extension) жазу жайлы айтқым келеді.

Мен осыдан бір ай бұрын кирилица қолданылатын сайттарды жаңа қазақ-латын әліппесіне аударатын қосымша жаздым. Мына сілтеме() арқылы өз құрылғынызға жүктей аласыз.

Өзімнің жазған қосымшамды талқылай отырып, сіздерде өздерінізге пайдалы ақпарат табады деп үміттенем!

Мына сілтеме арқылы https://github.com/hhaakkimm/Qaudar көрсеніз болады.

Істің басы - ретін танымақтық демекші міне біздің жоспар:

Жұмыс басы,қолданатын технологиялар Жұмыс барысы Тамамдау, қосымшамызды Google Chrome дүкеніне өткізу

Мен өз қосымшамды жазу барысында JavaScript бағдарламалау тілін қолдандым. Егер сіз алғашқы рет естіп тұрған болсаныз сізге codecademy.com курсын өтіп шығуды ұсынамын.Бұл синтаксисы жағынан C типіндегі тіл қазіргі таңда өте кең қолданыста, егер сіз компютер саласында жүрген болсаныз ертелі-кеш бәрібір үйреніп алуынызға тура келеді.

Қолданылатын тілмен мәселе шешілді деп ойлаймын, ал олай болса достар іске сәт!

Бізге алдымен керегі, біздің қосымшамыздың қалай жұмыс жасау керектігінің баптауларын беру. Біз ол баптауларды manifest.json атты документке жазамыз, төмендегі суреттегідей vscode

Суретте көріп тұрғандарыныздай өздерінізге керек заттың бәрін өздерініз жазуларынызға тура келеді. Басты заттары мыналар:

“name” - қосымшаның аты “description” - қосымшаныз жайлы кішігірім мәлімет “version” - қосымшаныздың версиясы , “manifest_version” - баптаулардың версиясы . Бұл екі зат негізі көбінесе сіздің ынғайыныз үшін. “content_scripts” - негізгі баптаулар жиынтығы “matches” - бұл қандай URL-дарда істеу керек екенің көрсетеді, мысалға егер сіз ["http://fizmat.kz/","http://method.kz/","http://42.us.org/*"]” деп жазатын болсаныз сіздің қосымшаныз тек осы сайттарда істейтін болады. “js” - бұл жаққа біз жазатын қосымшамыздың негізгі ойы тұратын документтің атын жазамыз.

Ал енді ең қызық жері. Баптауларда “js” деген жерге жазған документті ашамыз.

Төмендегі суреттерге назар аударуларынызды сұраймын:

photo#2

Мысалға біз ол файлға егер осындай жазуды жазатын болсақ ол,баптауларда “matches” те жазылған адресстерге кірген кезде бізге осы жазуды Alert Box-қа шығарып беріп отырады, ол былай көрінеді

photo#3

Әлқисса, менің қосымшама оралатын болсақ менің жазғам қосымшамда мен DOM технологиясын қолдандым. Қысқаша айтқанда ол сайттын структурасын бұзып, алгоритмдардан үйренген сәл білімімді қолданып мен “Тереңдікке зерттеу”(DFS) әдісін қолданум арқылы,желілік бетте жазылған әрбір сөзді бір-бірден аударып шығады да ,сайтты қайтадан құрастырып береді. Кирилицадағы қазақ әріптерімен жұмыс істеу қиындығы себебінен мен көп шарт(if) қолдандым. Ал қалған орыс кирилицасының әріптерін /[а-яА-ЯЁё]/ мынау қысқа тексеріске сыйғыздырып жібердім.

Іс барысында былай көрінеді

photo#4

Өзгеріс барысы кішігірім уақытты қажет етеді,әдетте бірнеше секунд.

Ол былайша көрінеді: photo#5 photo#6

Осымен біздің қосымша жазуымыз аяқталды,енді бізге өте маңызды зат ол тексеріс. Тексеру үшін біз қосымшамызды Google Chrome-ның локалды дүкеніне салып қойып тексеруміз керек.Локалдық дегенімнің себебі сіздің жазғаныныз тек сіздің құрылғынызда ғана істейді. Оны былай қосады:

photo#7

Жоғарыда суретте көрсетілгендей Extensions сілтемесіне кіреміз

photo#8

Оң жақ үстінгі жақта тұрған Developer Mode(Бағдарламашы) батырмасын басамыз

photo#9

Мынадай бірнеше батырма шығады.

Бізге керегі LOAD UNPACKED. Жазған manifest.json және script.js файлдары арнайы,бірге бір папкада тұруы міндет, және ол папкада артық заттар тұрмауы қажет. Ең басында баптауларда жазған қосымшаның аты сіздің экранынызда шығу қажет, егер бәрі дұрыс орындалған болса онда бәрі дәл осындай қалыпта тұру қажет.

Егер сиз өз файлдарынызда бір заттарды өзгерткен болсаныз қосымшаның асты жағында тұрған жаңарту батырмасын басуларыныз қажет.

Егер сіздің жазған қосымшаныз дұрыс істемитін болса, және сіз қате таба алмасаныз сізге бетті зерттеу(Inspection) мәзіріне баруды ұсынам, және онда Console мәзіріне өтуініз қажет.Көп жағдайларда қате кішігірім қателер болады.Ол консольда менікіндей қызыл болып шығады.

phto10

Өзінізге қолайлы болған кезде сіз өз қосымшанызды гугл магазинына өткізіп жіберсеніз болады.Ол кезде сіз өз жасаған бағдарламаныз үшін ақша тапсаныз болады.

Құдайым істерінізге береке берсін, жақсылықта жолыққанша, назарларынызға рахмет!!!!

Ұсыныстар, критикалар естуге әрдайым дайынмын.Мына желілердің бірінен жазсаныздар болады.

About

Google chrome extension for translate to ours new alphabet

Topics

Resources

Stars

Watchers

Forks

Releases

No releases published

Packages

No packages published